
Салтанатты шара қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталып, еліміздің дін өкілдері, жергілікті билік өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Ашылу рәсімінде құттықтау сөздер айтылып, бата берілді.
«Ахмет» мешітінің салынуына атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Жаңа мешіт ауылымыздың рухани орталығына айналсын!