Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жаңа жыл мерекесін тойлау кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында брифинг өтті. Іс-шара барысында жаңа жылдық мерекелер кезінде қауіпсіздікті күшейту, нысандарды тексеру, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану талаптары және профилактикалық рейдтердің нәтижелері туралы айтылды. Сондай-ақ мереке күндері Төтенше жағдайлар департаментінің күшейтілген режимде жұмыс істейтіні хабарланды.