"Таза Қазақстан" акциясы кентіміздегі мекеме қызметкерлерінің басын біріктіріп, үлкен бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Айналаны тазалау, арам шөп жұлу, ретке келтіру жұмыстары кентіміздің ажарын кіргізіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа да үлкен тәрбиелік мектеп болып отыр. Еңбекті бағалайтын, тазалықты сүйетін барша мекеме ұжымдарына ризашылығымызды білдіреміз. Туған жерімізді бірге көркейте берейік!