«Заң мен тәртіп» — ашық әрі әділ қоғам кепілі!

«Заң мен тәртіп» — ашық әрі әділ қоғам кепілі!

Шет ауданы Ақжал кенті әкімдігінің бас маманы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кент тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

​Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, жемқорлықтың алдын алу жолдары мен заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, арнайы ақпараттық парақшалар таратты.

​Басты мақсат — қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік пен адалдық мәдениетін орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету.

​Заң мен тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті! Адал қоғамды бірге құрайық!