
Ақжал кенті әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Кездесу барысында Жаңа Конституция аясында мемлекеттік қызметшілердің жүктелген негізгі міндеттері мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тұрғындардың арыз-шағымдарына сапалы әрі тиімді кері байланыс орнату және кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен бірге, жиын аясында ұжымға жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметші Нұрлыбек Балдырған Мақсатқызы ресми түрде таныстырылды. Кент әкімі Е.Әбдірәсіл жаңа әріптесті қуанышты оқиғасымен құттықтап, ел игілігі мен кентіміздің дамуы жолындағы жауапты қызметіне сәттілік пен жеміс тіледі.