Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Ақжал кентінің әкімі аппаратының қызметкерлері М.Арыстанбекова, Ж.Акшалова кент аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына, дүкендерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
​Іс-шара барысында нысан маңдайшалары, ас мәзірлері және тұтынушыларға арналған ақпараттардың мемлекеттік тілде рәсімделуіне назар аударылып, ас мәзірі ең алдымен қазақ тілінде ұсынылуы қажеттігі түсіндірілді.
​Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және заң талаптарын сақтау жөнінде ескертулер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.