
Кент әкімдігінің қызметкерлері арасында елдегі маңызды реформалар мен мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған арнайы пікірталас өтті.
Жиынның негізгі тақырыптары:
🔹 Жаңа Конституция және мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызмет туралы жаңартылған заңнаманың нормалары, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
🔹 «Адал азамат» қағидасы: Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс кәсібилік, жауапкершілік пен отаншылдық қасиеттері сөз болды.
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Әдеп нормаларын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және халыққа адал әрі мінсіз қызмет ету — әрбір қызметкердің басты міндеті екені баса айтылды.
Пікірталас барысында әкімдік мамандары өз ой-пікірлерімен бөлісіп, практикада кездесетін түйткілді сұрақтарды ортаға салды. Шыншылдық, әділдік пен халыққа жақын болу — біздің жұмысымыздың негізгі темірқазығы болып қала береді.