Ағымдағы жылдың маусым айында Ақжал кенті әкімдігінің қызметкері және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен кент аумағындағы дүкендерді аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында дүкен иелеріне келесідей маңызды талаптар түсіндіріліп, ескертулер берілді:
Тазалық пен абаттандыру: Дүкен айналасында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстарын тұрақты жүргізу, күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тазарту, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату қажеттігі ескертілді.
Тіл туралы заңнама: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде сауатты рәсімделуі тиіс екендігі жеткізілді.
Маңызды: Әрбір кәсіпкер өз нысанының айналасындағы тазалықты тұрақты түрде сақтап, белгіленген заңды талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет. Кентіміздің көркі мен тазалығы — баршамызға ортақ іс!