«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ақжал кентінде өз жалғасын табуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ақжал кентінде өз жалғасын табуда

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ақжал кентінде өз жалғасын табуда. Осы ортақ іске кентіміздің «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы да белсенді атсалысып жатыр.

​Жас сарбаздар кентіміздің ажарын ашып, тұрғындарға жайлы орта сыйлау мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарды:

Кент көшелерін қоқыстан толық тазартты;

​Халық көп жиналатын орталық алаңдарды күл-қоқыстан арылтты;

​Көпқабатты тұрғын үйлердің маңайын ретке келтірді.

​Еңбек маусымын сәтті бастаған жастарымыз туған жерді қорғау мен оны аялаудың шынайы үлгісін көрсетуде.

​Қоршаған ортаның тазалығы — баршамызға ортақ міндет. Кентіміздің көркіне бірге ие болайық!