Сыбайлас жемқорлыққа бірге тосқауыл қоямыз!

Сыбайлас жемқорлыққа бірге тосқауыл қоямыз!

Кентіміздің тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

​Шара барысында тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ, заңсыздықтарға тап болған жағдайда бірден хабарласу үшін Антикор орталығының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық парақшалар (жадынамалар) таратылды.

​Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе куә болсаңыз, бірден Антикордың бірыңғай 1424 байланыс нөміріне (қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.

​Таза әрі әділ қоғамды бірге құрайық! Әрбір азаматтың белсенділігі — жемқорлықтан азат болашақтың кепілі.