АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ақжал кентінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы басталды. Жоба аясында бір ай бойы кенттің жасөспірімдері қоғамдық жұмыстарға тартылып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосатын болады.
Еңбек маусымының алғашқы күнінде қатысушылармен кездесу өткізіліп, еңбек қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жұмыс барысында жауапкершілік таныту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастарға еңбек мәдениеті мен ұжымдық жұмыс қағидалары туралы кеңестер берілді.Ақжал кентінде «Жасыл ел» еңбек маусымының басталуы жастар үшін пайдалы тәжірибе жинақтап, туған өлкенің дамуына үлес қосуға жасалған жақсы мүмкіндік болып табылады. Жастарға сәтті еңбек маусымы мен толағай табыс тілейміз!