КЕНТТІҢ КІРЕ БЕРІСІ – АУЫЛДЫҢ АЙНАСЫ

КЕНТТІҢ КІРЕ БЕРІСІ – АУЫЛДЫҢ АЙНАСЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кентімізде ауқымды тазалық жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.
​Кез келген елді мекеннің мәдениеті мен тазалығы оның кіре беріс жолынан басталатыны белгілі. Осы ретте, кезекті экологиялық шара кентіміздің кіре беріс жолының бойын тазартуға бағытталды.
​Тазалық жұмыстарының барысында:
​📌 Жол жиектеріндегі шашылған тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтар толық жиналды;
​📌 Жабайы шөптер мен бұталар ретке келтірілді;
​📌 Кентке кіре беріс аумақтың эстетикалық ажары ашылып, ретке келтірілді.
Ауылымыздың қақпасы саналатын кіре беріс жолдың таза әрі көркем болуы — әрбір тұрғын мен қонақ үшін жағымды әсер қалдырады. Бұл бағыттағы жұмыстар тек сыртқы келбетті жақсарту емес, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы.
​Туған өлкеміздің тазалығына бейжай қарамай, ортақ үйіміздің көркейіп-гүлденуіне үлес қосып жүрген барша тұрғындар мен мекеме ұжымдарына алғыс білдіреміз!