ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

Республикалық маңызы бар «Алматы–Екатеринбург» тас жолының бойында орналасқан шаруа қожалықтарының иелерімен кезекті профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
​Іс-шараның басты мақсаты:
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мал ұрлығына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
​Арнайы жұмысшы топ құрамында:
​Б. Макашев – ветеринариялық дәрігер;
​К. Рысбекова – ветеринария саласының маманы;
​Ж. Акшалова – әкімдік аппаратының бас маманы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
​Шаруа қожалықтарының иелеріне келесі талаптар қатаң ескертілді:
​Қараусыз қалдырмау: Ауыл шаруашылығы малдарын тас жолдың бойына жақын жерде бағусыз жібермеу;
​Жарық шағылыстырғыш тағу: Түнде көлік жүргізушілеріне алыстан көрінуі үшін малдарға арнайы жарық шағылыстыратын ленталар (ошейниктер) тағу;
​Жауапкершілік: Жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін заң жүзіндегі жауапкершілікті сезіну.
​📢 Құрметті жерлестер, мал иелері!
Төрт түлігіңізге ұқыпты қарау – сіздің ғана емес, жолдағы жүздеген жолаушының өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!