9 мамыр күні Ақжал кентінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Жеңіс саябағында» салтанатты жиын өтті. 9 мамыр – ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен қажырлы еңбегінің символы ретінде ел есінде мәңгі сақталады.
Салтанатты шараға келесі тұлғалар мен ұйымдар қатысты:
Кентіміздің құрметті тұрғындары мен ардақты тыл ардагері Абжаппаров Рахметолла атамыз;
Ел қорғаған Ауған соғысы және Тәжік соғысының ардагерлері Сауэр Владимир Кондратьевич, Алибеков Төлеуғазы Есенович, Жанасбаев Нурслан Әжібжанұлы;
Мекеме қызметкерлері мен жас ұрпақ өкілдері — мектеп оқушылары.
Жиын барысында Отан үшін жан қиған батырлар рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Салтанатты бөлімнен кейін мерекелік шара «Шұғыла» мәдениет үйінің дайындаған әсерлі концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.