
Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні кент әкімдігінде жергілікті мал иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу мәдениеті мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Жиында көтерілген негізгі мәселелер: мал бағымы және таңбалау; жануарларды уақтылы чиптеу мен таңбалаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Иелердің жауапкершілігі: малдың қараусыз қалуына және тас жолға шығып кетпеуіне мал иелері 100 пайыз жауапты екендігі қатаң ескертілді.
Заң талаптары: тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) және 633-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік пен заң алдындағы міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Барлық мал иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға және ортақ қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.