«Шұғыла» мәдениет үйінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік концерт

«Шұғыла» мәдениет үйінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік концерт

Ақжал кентінің «Шұғыла» мәдениет үйінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті!
​Мерекелік шарада кентіміздің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде шырқалған әуезді әндер мен мың бұралған билер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. ​Шара барысында ең бастысы халқымыздың достығы мен ынтымағы дәріптелді.
Шаңырақтарыңыздан бақ-береке, елімізден тыныштық кетпесін. Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!