«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және облыстық сенбілік аясында Ақжал кентінде ауқымды сенбілік өтті. Іс-шараға жергілікті тұрғындар мен мекеме ұжымдары бір кісідей атсалысты. Бұл шара экологиялық ахуалды жақсартуға ғана емес, қоғамдық ортаны біріктіруге бағытталған. Бірлескен жұмыс нәтижесінде кент аумағы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.