Ұлыстың ұлы күнінде ардагерге құрмет көрсетілді

Ұлыстың ұлы күнінде ардагерге құрмет көрсетілді

Ұлыстың Ұлы күні ​Наурыз мейрамы қарсаңында Ақжал кенті әкімдігінің мамандары кентіміздің ардақты ақсақалы, тыл ардагері Абжаппаров Рахметолла атамыздың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
​Кездесу барысында Шет ауданының әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаровтың атынан арнайы құттықтау тілектер айтылып, мерекелік азық-түлік себеттері табыс етілді.
​Қарттарын қадірлеген елдің болашағы жарқын. Рахметолла атамызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Төрімізден ақсақалдарымыз аман болсын!