Ақжал кентінің Ақжартас ауылында жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне кент әкімі Е.Б.Әбдірәсіл, Шет аудандық аурухананың бас дәрігері А.Ж.Аманжолов, Ақжал дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері, әкімдік және мәдениет үйінің мамандары, Ақжартас ауылының халқы қатысты.
Нысан ауылдық жердегі тұрғындар үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында пайдалануға берілді.
Жаңа медициналық пункт алғашқы медициналық көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу, вакцинациялау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті барлық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Нысанның ашылуы өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы және ауыл халқы үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Медициналық пункт Ақжартас ауылының тұрғындарына қызмет көрсетіп, халықты уақтылы әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін болады.