БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ!

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ!

Ақсу-Аюлы ауылында ағымдағы жылы елді мекен ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Шортанбай Жырау, Жанқұтты би, Жидебай батыр, М.Жапақов және Сәкен Сейфуллин көшелері мен ауыл ішіне кіреберіс жолдарға халық көп шоғырланатын орындарға жалпы көлемде 25 бейне бақылау камерасы орнатылды. Бейне бақылау камерасы ерекшеліктері адамдардың түр сипатын дәлме дәл анықтап автокөліктердің мемлекеттік тіркелген номері арқылы анықтап іздеуде жүрген тұлға немесе көлік болып танылса ақпарат беріп отырады. Осыған орай, ауыл әкімі Д.Смаилов орнатылған бақылау камераларының ерекшеліктері мен функциялары бойынша Шет ауданының прокурор орынбасары К.Джанабергенов, Шет ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары К.Бекенов және Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Қ.Қашкеровке презентация өткізді. Сонымен қатар, елді мекен ішіндегі қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері тәулік бойы онлайн режимде бақылап отырады.