🔹“Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің әкімі орынбасары тағайындалды.
🔹Амантай Жасұлан Көшкімбайұлы 1993 жылы 30 наурызда Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
🔹2012 жылы, Қазақстан Жаратылыстану- гуманитарлық колледжінде ЕТ және бағдарламалармен қамтамасыз ету мамандығын, 2015 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университететінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын, 2022 жылы Орталық-Қазақстан Академиясында құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.
🔹Еңбек жолын 2012-2018 жылдары Шет ауданы әкімі аппаратында әр түрлі қызметтер атқарып, 2018-2024 жылдары Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімінің бас маманы, 2024 жылдан осы уақытқа дейін Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.