
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ! Қазақстан халқының тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Ұлағатты қазақ тілі» қоғамының төрағасы Жәнібеков Ертай Жарылғапұлымен қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағы туралы мазмұнды сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында қазақ тілін құрметтеу, оның қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды. Қазақ тілін құрметтеу – ұлтты құрметтеу!