Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелерде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелерде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелерде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Шортанбай жырау, Жаңқұтты би, С. Сейфуллин, Абай және Әбікен Хасенұлы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолдың орталық осьтік сызықтары жаңартылды. Сонымен қатар, көпшілік жиналатын орындардағы автотұрақтардың жол таңбалары қайта сызылып, ретке келтірілді. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті және қауіпсіздіктің басты кепілі.