
КӨК БАЙРАҒЫМ – ЕЛДІГІМ, ЕРКІНДІГІМ! 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізілді. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттау, азаматтардың патриоттық сезімін нығайту, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру. #рәміздеркүні🇰🇿