
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.✨
Мерекелік шара Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің құттықтау сөзімен басталды. Әкім балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және оқуда табыс тіледі.
Одан кейін Қарағанды қаласынан арнайы шақырылған ойын-сауық бағдарламасының жүргізушілері (аниматорлар) балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырды. Сонымен қатар балалардың беттеріне тегін аквагрим салынып, мерекенің сәнін келтірді.
🌈Іс-шара барысында ауыл балалары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды.
Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеуші кәсіпкерлерге және іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.