ӘР КӘСІПКЕР ӨЗ АУМАҒЫНА ЖАУАПТЫ!

ӘР КӘСІПКЕР ӨЗ АУМАҒЫНА ЖАУАПТЫ!

 

ӘР КӘСІПКЕР ӨЗ АУМАҒЫНА ЖАУАПТЫ! Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің және Шет аудандық полиция бөлімінің қатысуымен дүкен иелеріне санитарлық тазалық пен абаттандыру (көркейту) жұмыстарын жүргізу, айналасындағы күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тазарту, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату туралы ескертулер берілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде сауатты рәсімделуі тиіс екендігі ескертілді. Сонымен қатар, аумақтың тазалығын тұрақты түрде сақтап, белгіленген талаптарды орындау қажеттігі түсіндірілді.