
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ
Ақсу-Аюлы ауылындағы Абай көшесінің бойында орналасқан №14, 15 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Іс-шараға Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Құрманбаев қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аумақтағы қоқысты уақтылы жинау, «Шеткоммунсервис» мекемесімен келісімшартқа отыру, сондай-ақ қоқыс шығару қызметіне төлемді уақытылы төлеу қажеттілігі туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығын сақтауға шақыру.