ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Шет агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Құрманбаев, Шет ауданының «Жастар» ресурстық орталығының директоры Н.Дәулетқабылов және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жуасбаев қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арнайы бейнеролик әзірленіп, колледж студенттеріне ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығын сақтауға үндеу. Кездесу барысында студенттерге табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жас ұрпақты туған жерге жанашырлықпен қарап, ауыл тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақыру басты назарға алынды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға оң ықпал етеді.