
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары
Е. Құрманбаев және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жуасбаев қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан»
экологиялық акциясы аясында арнайы бейнеролик әзірленіп, мектеп оқушыларына көрсетілді.
✅ Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығын сақтауға үндеу.
Кездесу барысында оқушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жас ұрпақты туған жерге жанашырлықпен қарап, ауылдың тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақыру басты назарға алынды.
Осындай шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға оң ықпал етеді.