«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен қыстан қалған тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару мақсатында ауыл тұрғындарына, яғни үй иелеріне ескерту парақшалары таратылды. 🔹Аталған шара ауыл аумағының тазалығын сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрғындарға белгіленген талаптарды сақтау, қоқысты уақытылы шығару және қоғамдық тазалыққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.