Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында облыстық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл ішіндегі және сыртындағы аумақтар, сондай-ақ көшелердің бойы қоқыстардан тазартылды.

♻️Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және әрбір азаматтың жауапкершілігін күшейту.

Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – әрқайсымыздың күнделікті әдетіміз болуы тиіс.
Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!
#тазақазақстан🇰🇿#тазаауыл #ақсуаюлышетауданы #тазасенбілік2026