
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, Шет ауданы полициясы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлім қызметкерлері, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерінің қатысуымен Ақсу-Аюлы ауылындағы Алматы–Екатеринбург тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға, атап айтқанда «Қымызын-ай», «Бақ» және «Лағманхана» кафелерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге ұлттық стандарттар талаптарын және санитариялық нормаларды сақтау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қызмет барысында заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
#заңментәртіп#законипорядок