ТАЗА АУЫЛ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ!

ТАЗА АУЫЛ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ!

 

ТАЗА АУЫЛ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ! «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әбікен Хасенұлы және Шортанбай жырау көшелері бойындағы жаяу жүргіншілер жолы мен бордюр жиегі тазартылып, топырағы қырылып, сыпырылды. Сонымен қатар, Шортанбай жырау көшесіндегі ағаштар әктеліп, шағын саябақтардың (скверлердің) іші қоқыстан тазартылды. Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 📌Іс-шараның мақсаты: Елді мекеннің тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру. #тазақазақстан#тазаауыл#ақсуаюлышетауданы