
Рамазан айында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен ұйымдастырылған «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» акциясы 30 күн бойы үздіксіз жүрді. Осы уақыт ішінде 34 отбасы азық-түлікпен қамтылып, аз қамтылған, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көмек көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қамқорлығы арқасында 5 отбасыға көмір де жеткізілді. Біз барша шаруа қожалық иелеріне және кәсіпкерлерге шын жүректен алғыс айтамыз – сіздердің мейірімдеріңіз, қолдауларыңыз және жылы сөздеріңіз көптеген отбасыларға тек азық-түлік қана емес, үміт пен қуаныш сыйлады. Рамазан айы шын мәнінде жүректерге жылу сыйлайтын, мейірім мен қамқорлық айы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.