
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қатысуымен Ақсу-Аюлы ауылындағы Алматы–Екатеринбург тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында кәсіпкерлерге ұлттық стандарт талаптары мен санитариялық нормаларды сақтау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттілігі жеткізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қызмет барысында заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.