
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ауыл тұрғындарына ұлттық тағамдар ұсынып, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеді. Іс-шара барысында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрімізді ұлықтау және жас ұрпаққа үлгі көрсету.