Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының тұрғындарымен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында түсіндірме-ескерту жұмыстары жүргізілді.

Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының тұрғындарымен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында түсіндірме-ескерту жұмыстары жүргізілді.

Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының тұрғындарымен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында түсіндірме-ескерту жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға су тасқыны кезеңінде орын алуы мүмкін қауіптердің алдын алу шаралары жан-жақты түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Атап айтқанда, аула аумағындағы жиналған қар үйінділерін уақытылы шығару, су ағар арықтар мен өткелдерді қар мен мұздан тазарту, еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді. Көктемгі кезеңде табиғи қауіптердің алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Осыған орай, тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және алдын алу шараларын дер кезінде орындауға шақырамыз.