
2026 жылға арналған Қарағанды облысының басқару органдарының, Азаматтық қорғау күштері мен мемлекеттік жүйесінің дайындық іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру және басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында 2026 жылдың 25–27 ақпан аралығында Ақсу-Аюлы ауылдық округі аумағында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2026 жылы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою барысында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау». Оқу-жаттығу барысында ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді.