
АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды: 🔹 Ақсақалдар алқасының төрағасы Е. Кенжебаев кеңес мүшелері алдында 2025 жылға арналған бір жылдық қорытынды есебін ұсынды; 🔹 Ақсақалдар кеңесінің құрамына жаңадан хатшы сайланып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді; 🔹 Ақсу-Аюлы ауылдық округі жанындағы Ақсақалдар кеңесі туралы ережесі бекітілді; 🔹 Төраға Е. Кенжебаевтың сайлау мерзімінің аяқталуына байланысты Ақсақалдар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Қорытындылай келе, ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің көпшілік даусымен, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, ауылдың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып жүрген Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Жуасбаев Қарғажан Өкенұлы ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, округ әкімі ақсақалдар кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.