ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ!

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ!

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ! Бүгін Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, жер бөлімі маманы және ветеринария дәрігерлері округке қарасты Еңбекшіл және Ақтөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында санитарлық тазалықты сақтау, мал бағу тәртібі, ветеринариялық шаралар (вакцинация, таңбалау, сырғалау), жайылымдық жер мәселесі, жер телімдерін мақсатқа сай пайдалану, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында берілетін жеңілдетілген несиелер және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сайлау учаскелерінің жай-күйімен танысып, тұрғындармен кездесу барысында халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.