
Ақсу-Аюлы ауылында жаңа нысан ашылды Төтенше жағдайлар саласының материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында Ақсу-Аюлы ауылында жаңартылған өрт сөндіру нысаны пайдалануға берілді. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, өртке жедел ден қоюға және жеке құрамның қызмет ету жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі абыроймен атқарған азаматтарды Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.