МЕРЕЙЛІ ЖАС!

МЕРЕЙЛІ ЖАС!

МЕРЕЙЛІ ЖАС! Алтын алқа иегері, тыл ардагері Жүкенова Мажыра әжеміз 90 жасқа толды. Осы айтулы мерейтойына орай Шет ауданының әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі тарапынан құттықтау хаттар мен сый-сияпаттар табысталды. Әжеміздің ғибратқа толы өмір жолы – Отанға адал еңбек етудің, адамгершілік пен ізгіліктің жарқын үлгісі. Әрдайым денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болып, ұзақ ғұмыр кешіп, бала-шағасының қызығына бөлене берсін!