
ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ– ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Бүгін мекеме ұжымымен бірге «Достық пен келісім – басты құндылық» тақырыбында шағын дөңгелек үстел өткіздік. Жиында күнделікті жұмыста бір-бірімізге қолдау көрсету, ортақ міндеттерді түсіністікпен атқару және ұжымдық мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды. Әріптестер өзара пікір алмасып, өткен тәжірибелерден мысалдар келтіріп, алдағы жұмыста да татулық пен сыйластықты берік ұстану қажеттігін атап өтті. Осындай кездесулер ұжым ішіндегі ашық әңгімеге, бірлікке және ортақ жауапкершілікке бастайды. Алдыға қойған мақсаттарға жету үшін ең алдымен ауызбіршілік қажет екенін тағы бір дәлелдеді. #Достық #Келісім #ҰжымдықМәдениет #Бірлік #Құрмет #Татулық