Ақсу-Аюлыда улы газдан қорғану шаралары күшейтілді* Алдыңғы аптада әлеуметтік осал топтағы тұрғын үйлерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға газ және электр құралдарын дұрыс пайдалану, түтін мұржаларын тазалау, төтенше жағдай кезінде алғашқы әрекеттер жөнінде нұсқаулықтар берілген болатын. Осы аптада сол үйлерге улы газ датчиктері орнатылды, бұл – тұрмыстық газдан уланудың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Тұрғындарға өз үйлерінде газ және электр құралдарын дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік шараларын орындауды ұсынамыз.
