
ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІ ІС-ҚИМЫЛ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ! Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты мен Шет аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып, «Нұрдәулет» балабақшасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты: Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Қоғамда жауапты және саналы көзқарас қалыптастыру. Әрбір әйел – құрмет пен қорғанысқа лайық жан. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.