АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ!

АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ!

 

АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ! ✅2025–2026 жылғы жылыту маусымының басталуына байланысты округімізде өрттің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖБ мамандары мен әкімдік қызметкерлері үйлерді аралап, пеш пен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын өткізді. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасыларға ерекше назар аударылуда. Тұрғындарға түтін мұржаларын уақтылы тазалау, газ және электр құралдарын дұрыс пайдалану, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы әрекеттер жөнінде нұсқаулықтар берілді. Ескерту парақшалары таратылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша кеңестер ұсынылды.