
«ТАЗА ОРТА– БӘРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ» Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ақылы қоғамдық жұмыскерлерінің қатысуымен, көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы қоқыс алаңдарының маңайындағы тұрмыстық қалдықтарды жинау, тазалау және оларды арнайы қоқыс тасымалдау көлігі арқылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізу жұмыстары күнделікті қарқынды жүргізілуде. Ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады. #ТазаҚазақстан #ҚоқыстанТаза #БіргеТазаҚазақстан