
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП-ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ! Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен және Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша Шет аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Лажимов Жанболат Амантайұлының қатысуымен заң және тәртіп тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында есірткі заттарының заңсыз айналымы, интернет алаяқтық және басқа да құқық бұзушылық түрлерінің алдын алу мәселелері талқыланды. Кездесуге Шет агротехникалық колледжінің студенттері қатысып, құқықтық тәртіпті сақтау мен заңға бағынудың маңыздылығына назар аударды. Мақсаты– жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң және тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.