«Таза Қазақстан – әр ауладан басталады.»

«Таза Қазақстан – әр ауладан басталады.»

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшоқы ауылдық округінде балалар ойын алаңында шөптерді қырқу және арамшөптерді жұлу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, санитарлық жағдайын жақсартуға және балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына бағытталған. Ойын алаңының абаттандырылуы ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Таза әрі күтімді қоғамдық орын – ортақ жауапкершіліктің белгісі. Осындай игі бастамаларға ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы туған жерге деген жанашырлықты нығайтып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамытуға өз үлесін қосады.