
Ақшоқы ауылдық округінде өткен есептік кездесу – халық пен билік арасындағы ашық диалогтың жарқын үлгісі. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Әсіресе ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы, көше жарығы және басқа да маңызды мәселелердің көтерілуі халықтың белсенділігін көрсетеді. Мұндай кездесулер тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, ауылдың одан әрі көркеюіне жол ашады. Ақшоқы ауылдық округінің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауылымыздың болашағы бұдан да жарқын болатынына сенім мол. Ақшоқының өркендеуі – баршамыздың ортақ мақсатымыз.